"Қыркүйекте "Канеломен". Деревянченко Головкиннен жеңілгеннен кейін кіммен жұдырықтасатынын таңдады

© Sport bigmir
Орта салмақта әлем чемпионы титулына бұрынғы үміткер украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты жоспарын айтты.

Оның сөзінше, боксшының командасы жазда келісімге келе алмаған алмаған Сауль Альвареспен келіссөздер бастамақ. 

"Желтоқсанда Чарло Бруклинде жұдырықтасады. Сол жекпе-жекке барып, болашағымды сөз етемін. 2020 жылы менің командам Альвареспен келіскісі келеді. Мүмкін болса қыркүйекте жұдырықтасамыз. Егер келісе алатынымзға көзім жетсе, мамырда бір жұдырықтасамын, сосын Альваресті күтемін. 

Олай болмаса, Чарломен келіссөздер жүргіземіз. Бұл жазға таман шығар. Чарло - жақсы қарсылас. Бұл тамаша жекпе-жек болады", - дейді Деревянченко.