Биволдың "келесі қарсыласы" Альварестен артықшылығын айтты

©Matchroom

Жартылай орта салмақта IBF және WBC чемпионы Артур Бетербиев (17-0, 17 КО) WBA Super белбеуінің иегері Дмитрий Биволдың (20-0, 11 КО) мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Бивол кәсіпқой рингте менің соққыларымның күшін көрген жоқ. Сондықтан соққымның қаншалықты мықты екенін білмейді. Ол Джо Смит пен "Канело" екеуінің соққыларын салыстыра алады. Себебі олармен қолғап түйістірді", - дейді Бетербиев BeatsBoxingMayhem арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Бивол осыған дейін Альварес және Смитті жеңген болатын. Ал Бетербиевпен әуесқойлар арасындағы турнирде кездескен. Енді 19 маусымда Нью-Йорктегі бокс кешінде Бетербиев Смиттен басым түскен жағдайда екі ресейлік өзара айқасуы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport