"Бәріне паш етемін". Елеусінов африкалық "Машинамен" жекпе-жек алдында сын айтушыларға жауап берді

Сурет: Matchroom©

Қазақстандық проспект Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) намибиялық бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Олимпиада чемпионы өзінің стилін сынайтындарға жауап берді. 

"Бәріне өз талантымды, күшімді, жылдамдығымды және таймингім қандай тамаша екенін көрсеткім келеді. Менде қуат жоқ және стилім кәсіпқойға жарамайды дейтіндердің бәріне паш еткім келеді", - дейді Елеусінов The Ring журналына берген сұхбатында. 

Еске салайық, Елеусінов пен "Көк Машина" арасындағы жартылай орта салмақта IBF Intercontinental титулы үшін жекпе-жек 27 қараша Голливудтағы бокс кешінің андеркардында өтеді.