Алты қазақстандық боксшы жұдырықтасатын жартылай финалдық жекпе-жектерге тікелей трансляция

20 қыркүйек 2019 10:59
Сурет: Данияр Майлыбаев©
Бүгін, 20 қыркүйекте Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасының алты боксшысы жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан астанасының уақытымен 16:00-де басталатын күндізгі сессияда үш қазақстандық боксшы жұдырықтасады. Екінші жұпта Сәкен Бибосынов (52 келі) рингке шығады, боксшымыздың қарсыласы рейтингте екінші тұрған үндістандық Пангал Амит. Жекпе-жектің басталатын уақыты шамамен 16:15.

17:15-те Тұрсынбай Құлахмет (75) филиппиндік Эумир Марсиальмен кездесу өткізеді, ал17:45-те Василий Левит (91) эквадорлық Хулио Кастильомен жұдырықтасады.

20:00-де басталатын кешкі сессияда тағы үш қазақ боксшы өнер көрсетеді. 20:30-да Абылайхан Жүсіпов (69) Ресей құрамасының капитаны Андрей Замковпен жекпе-жекке шығады. 21:00-де Бекзат Нұрдәулетов (81) төрт дүркін әлем чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен жұдырықтасады.

Ал жарыс күнінің соңында Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден аса) аустралиялық Юстис Хунимен күш сынасады. Бұл жекпе-жек 21:30-ға жоспарланған.