Әлем чемпионы Головкиннің экс қарсыласын нокаутқа түсірді

Сурет: twitter.com/trboxing

WBO жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд IBF белбеуінің бұрынғы иегері ұлыбритаиялық Келл Брукты жеңіп, титулын төртінші рет қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Төртінші раундта Кроуфорд Брукты нокдаунға түсірді, бірақ ұлыбританиялық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алды. Дегенмен Теренстің келесі шабуылынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Еске салайық, 2016 жылы Брук қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) мерзімінен бұрын жеңілген болатын - бесінші раундта ұлыбританиялықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, рингке орамал лақтырған.