auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?

Қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде IBF немесе WBC чемпиондық белбеуіне таласуы мүмкін.

 Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?
Латынамерикалық журналист және комментаторы Армандо Мендоза Vesti.kz порталының тілшісіне жеңіл салмақтағы WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновтың (27-1, 18 КО) келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтып берді. 

"Менің ойымша Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы британдық Ли Хаскинс (34-3, 14 КО) болатын шығар. Егер ол өзінің келесі кездесуінде отандасы Раян Барнетті (16-0, 9 КО) жеңетін болса, мен оның менеджері болатын болсам, Жақияновпен келіссөздерді бастап кететін едім. Қазақстандық боксшы Англия жерінде жекпе-жек өткізуге қарсылық білдері деп ойламаймын. Оның командасы Англияда орналасқан ғой", - дейді Мендоза. 

Айта кетейік, 33 жастағы Хаскинс жеңіл салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінінің иегері. Бұл атақты ол 10 маусым күні 25 жастағы отандасы Раян Барнетке қарсы жекпе-жекте қорғайды. 

Бұған дейін Жақияновтың менеджері Филлип Фондю қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде IBF немесе WBC тұжырымдарының чемпиондық белбеуіне таласатынын айтқан еді. 

Еске салайық, 33 жастағы Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында 30 жастағы америкалық Роуши Уорреннен (14-2, 4 КО) төрешілердің шешімі бойынша үстем түсіп, WBA (Super) және IBO чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Кейіннен ол өз еркімен IBO чемпиондық белбеуінен бас тартты. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар