Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Кездесу Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтеді.

26 мамырда сағат 06.00-де "Хабар" арнасы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) пен мексикалық боксшы Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) арасындағы жекпе-жекті көрсетеді. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуі

Кездесу Оксон-Хиллдегі (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтеді. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов 8 маусымда Геннадий Головкинмен бір кеште жұдырықтасады деп жоспарланған болатын. Онда жерлесіміз алғаш рет он раундтық жұдырықтасуда өнер көрсету керек еді, алайда кездесу болмайтын болды. 

"Геннадий Головкиннің андеркатында кездесу болмайтындықтан, тез арада мамыр айында өтетін жұдырықтасуды таптық. Бұл да жоғары деңгейлі бокс кеші болады, Даниярдан жеңіс күтеміз", - деді Данияр Елеусіновтың менеджері Зия Алиев.



Данияр Елеусінов - 28 жастағы қазақстандық боксшы, кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі 2018 жылдың 28 сәуірі күні Нью-Йорк қаласында өтті. Кездесуде боксшы америкалық Ноа Киддты үшінші раундта нокаутқа жіберді. Соңғы жекпе-жегінде  36 жасар мексикалық Сильверио Ортиспен (37-23, 18 КО) кездесіп, сегіз раунд айқасты. Нәтижесінде Елеусінов төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңімпаз атанды (79-70, 79-71, 79-71).

Мигель Де Хесус Замудио Алонсо - 27 жасар мексикалық боксшы, өзінің кәсіпқой бокстағы мансабын 17 жасында бастаған. Қазіргі таңда 56 кездесу өткізіп, 43 рет жеңген, 12 кездесу тең және жеңіліспен аяқталған. 27 кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылған. Замудионың бір қарсыласы Өзбекстандық Шахрам Гиясов  (8-0, 6 КО) (Елеусіновтың олмипиада ойындарындағы қарсыласы) болған. Мексикалық боксшы алты раундтық кездесудің алғашқы үш минутында техникалық нокаутпен жеңілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости