Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Генаны алмастыратын қазақстандық боксшы көріп тұрғаным жоқ - Головкиннің экс-бапкері

Әйгілі боксшының бапкері болған Ғалым Кенжебаев қазіргі уақытта Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады.

Генаны алмастыратын қазақстандық боксшы көріп тұрғаным жоқ - Головкиннің экс-бапкері
Геннадий Головкин. Фото Reuters©
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Ғалым Кенжебаев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ешқандай отандық боксшы оның орнын әлемдік аренада алмастыра алмайтынын айтты. Айта кетейік, әйгілі боксшының бапкері болған Ғалым Кенжебаев қазіргі уақытта Қазақстан жастар құрамасын жаттықтырады.

"Менің ойымша, ол әлі үш-бес жыл жоғарғы деңгейде өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта аз еңбектеніп, зейнетке шығуға жақын қалған боксшымен жекпе-жекке шығып, атақ-даңқ жинағысы келетін боксшылар қаптап жүр. Мэнни Пакьяо, Бернард Хопкинс және Рой Джонспен жекпе-жек өткізу барлығына тиімді. Ал біздің Генамен шаршы алаңға шығуға сескенетіндер әлі де көп, себебі оның деңгейі мен дайындығы бізді талай қуантары сөзсіз", - дейді бокс маманы.

Бапкердің айтуынша, қазіргі уақытта Геннадийді әлемдік аренада алмастыратын отандық боксшы жоқ екен. "Әрине, бұл жерде біздің боксшылардың шамына тиіп кетпеу керек, бірақ оны дәл қазір ешкім алмастыра алмайды. Түсінесіз бе Головкин мен Сәпиев - тума дарын, ондайлар тым аз, олардың деңгейі қазіргі жас буынға қарағанда әлде қайда жоғары. Головкин кәсіпқой боксқа есейген жасында кетті, оған дейін ол талай жарыстарды көрді, оның шінде Олимпиада ойындары да бар. Әуесқойда жүріп-ақ мамандар оның кәсіпқой бокста чемпион болатынын көре білді. Мұндай жарқын боксшылар өте аз. Қазір айтылып жүргендердің арасынан Мейірім Нұрсұлтанов пен Қанат Исламды айтуға болады. Мейірім жас боксшы және ол туралы айту әлі ерте. Алайда оның потенциалы бар, елемеуге болмайды. Қанат болса ұзақ жылдар бойы өз жолын таба алмай жүрді. Промоутер ауыстыруы оған жақсы сеп болады дегенге сенемін. Ол қазіргі көрсетіп жүрген деңгейінен әлдеқайда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетінен сенемін. Биік белестерден көрінуі тиіс", - дейді ол.

Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің шешімімен тең аяқталып еді. Енді екі боксшы екінші рет 5 мамырда қайта кездеседі. Бірақ жекпе-жектің қайта өтетіні белгісіз. Сондай-ақ екінші кездесудің келісімшартында реванш туралы қарастырылмаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости