Орта салмақта IBF нұсқасының титулына міндетті үміткер Сергей Деревянченко (11-0, 9 КО) келесі жекпе-жегіне қарсыласының есімін білді, - деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі.
Деревянченко 20 қаңтарда Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) өтетін бокс кешіне қатысады. BoxRec.com мәліметінше, сегізраундтық кездесуде ол америкалық Дашон Джонсонмен (22-22-3, 7 КО) жұдырықтасады.
Еске салайық, 32 жастағы Деревянченко осыған дейінгі жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында Майамиде Багам аралдарының боксшысы Туреано Джонсонға (20-2, 14 КО) қарсы өткізген еді. Осылайша ол Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) иеленген IBF нұсқасына міндетті үміткер болып табылады.
Деревянченко қазақстандық жанкүйерлерге "Астана Арланс" бокс клубы арқылы танылған. Соның арқасында ол Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WSB) чемпионы атанған еді.
Жарнама