Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

PPV – Головкиннің көрсеткіші неге Мейуезерді айтпағанда Ломаченкодан да төмен?

PPV – Головкиннің көрсеткіші неге Мейуезерді айтпағанда Ломаченкодан да төмен?

Флойд Мейуезер мен Конор Макгрегор арасындағы айқастың ресми PPV көрсеткіші жарияланды. Бұл жекпе-жек тікелей эфир кезінде көгілдір экраннан 4,3 млн. рет сатылыпты. Салыстырмалы түрде айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің төбелесі 1,3 миллион PPV жинаған. Айтпақшы, бір апта бұрын Нью-Йоркте айқасқан Василий Ломаченко мен Гильермо Ригондоның да тікелей эфирінің көрсеткіші белгілі болды.

Флойд Мейуезер мен Конор Макгрегор жекпе-жегінің PPV көрсеткішін Showtime телеарнасы ұсынған. Кездесуді де осы арна көрсеткен еді. Әлбетте, бұл айқастың PPV көрсеткіші жоғары болатыны әу бастан-ақ белгілі болатын. Алайда, кейбіреулер «Ғасыр аферасы» деп айдар тағып үлгерген бұл шоудың трансляциясы дәл осынша көлемде PPV жинайды деп ойламаған едік.

Бұл нені білдіреді? Бокс әлемінің Меккесі Америкада жанкүйерлердің жүрегін жаулай білу үлкен өнер, ерлік. Мейуезер АҚШ-та ежелден хит. Сегізбұрышта төбелеспен қатар шоуды жақсы меңгерген Макгрегорды да америкалықтар жылы қабылдап үлгерді. Мексикалық Сауль Альварес те бұрыннан жоғары PPV жинап жүр. Ендеше неге жылдың басты жекпе-жегіне баланыып, НВО арқылы көрсетілген Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі бар болғаны 1,3 млн. PPV трансляциясын құрады? Әлбетте, PPV эфирге небәрі екінші рет шығып, біріншісінде 170 мың PPV сатқан боксшы үшін 1,3 миллионың керемет көрсеткіш. Оның үстіне, Қазақстан секілді елдерден келгендерді АҚШ-та аса жылы қабылдай бермейді. Осы орайда, Головкиннің Америкада жақтастар таба білгенінің өзі ерлік.

Дегенмен, мына нәрсеге де мән берейікші. Осыдан бір апта бұрын Нью-Йоркте Украина боксшысы Василий Ломаченко мен кубалық Гильермо Ригондо кездесті. Екеуі де америкалық емес. Танымалдылығы Геннадий Головкиннен төмен болмаса, артық емес. Бірақ, ESPN телеарнасы арқылы таралған тікелей трансляцияның көрсеткіші 2 миллион 114 мың көрерменді құрапты. Қалай? Әлбетте, бұл PPV емес. Бірақ, сонда да… Демек, халыққа Головкиннің «мексикалық стилінен» гөрі Ломаченко дриблингтері мен комбинациялық соққылары қызық болып тұр ғой. Қанша жерден бейсбол матчтары мен баскетбол ойындарына қонаққа барып жүргенімен Головкиннің танымалдылығы да әзірге аса мықты болмай тұр. Бәлкім, сондықтан болар, Сауль Альварестің промоутерлері реванштың датасымен асығар емес. Шамасы, қарымта жекпе-жекте PPV  көрсеткішін көбейту мақсатында «Triple G»-нің танымалдылығы арта түссін дейтін болар. Бірақ, мұндай жағдайда Геннадий Головкин мен Сауль Алварестің екінші айқасын 2018 жылы көрмеуіміз де мүмкін.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости