Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Димаш Ниязов Астанадағы бокс кешінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

АҚШ-та тұратын отандасымыз тұңғыш рет туған жерінде жұдырықтасады.

Астанада 9 қыркүйекте өтетін бокс кешінде Нью-Йорктың ең мықты полицейі атанған Димаш Ниязовтың кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Qazaq promotions компаниясының баспасөз қызметі.

"Отадасымыздың қарсыласы угандалық Чарлес Мулиндва болады, оның есебінде 12 жеңіс бар, 3 рет жеңілген және бір рет қарсыласымен тең түскен", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Мулиндва үш жеңілісінің екуінде ресейлік боксшылар Висхан Мурзабеков мен Манвел Сарксянға есе жіберген. Үшінші рет төрешілердің даулы шешімімен отандасы Ричард Ндифаннан жеңілген. Соңғы рет 29 жастағы боксшы тағы бір отандасы Сулу Катумбамен жұдырықтасып, оны нокаутқа түсірген.

Димаш Ниязов 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Боксшы енді өзінің 12 жекпе-жегін тарихи отанында өткізеді, бұл оның Қазақстанда тұңғыш рет жұдырықтасуы. Себебі, Ниязов 13 жасында АҚШ-қа көшкен. Алайда ол бокспен Шымкентте шұғылдана бастаған. Димаштың ең алғашқы бапкері Нұрғали Сафиулин болған.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жұдырықтасқан Руслам Мырсатаевтың қарсыласы белгілі болған еді. Аса ауыр салмақтағы боксшымыз америкалык Майк Бологунге қарсы шаршы алаңға шығалы. Осы кеште өнер көрсететін Жанқош Тұраров болса аргентинкалық Бруно Леонардо Ромэмен жұдырықтасады.

Еске салайық, Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өз белбеулерін канадалық Брэндон Кукқа (18-0, 11 КО) қарсы өтетін жекпе-жекте қорғайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости