Бокстан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 91 келідегі команда үздігі Василий Левит биылғы Қазақстан біріншілігіне қатыспайды. Левиттің чемпионаттан сырт қалуына денсаулық жағдайы себеп болған,- деп жазады Olympic.kz.
"Василий Левит Шымкенттегі Қазақстан чемпионатына қатыспайды. Аздап денсаулығы сыр берген соң, биылғы додадан сырт қалуды жөн көрген. Қалған салмақтардағы бірінші нөмірлі спортшылардың бәрі сапта, тас-түйін дайын", - дейді команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.
Загрузка матч-центра...
Жарнама