auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Деревянченко маған қарағанда Головкинді қатты қинады". Чарло украиналыққа қарсы өткізген кездесу туралы ойымен бөлісті

"Деревянченко маған қарағанда Головкинді қатты қинады". Чарло украиналыққа қарсы өткізген кездесу туралы ойымен бөлісті
Сурет: boxingscene.com
Орта салмақта WBC белбеуінің иегері америкалық Джермалл Чарло (31-0, 22 КО) өткен жексенбі күні украиналық Сергей Деревянченкоға (13-3, 10 КО) қарсы өткен кездесу туралы пікірімен бөлісті. Бұл кездесу Анкасвилл (АҚШ) қаласында өтіп, Чарло төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

"Біз артқа бір қадам да жасамай жекпе-жек өткіздік. Бұл менің карьерамдағы ең қиын кездесулердің бірі болды. Бірақ мен бұл сынақтан өттім. Ол панчер. Әрине, кездесуде кез-келген сәтті Деревянченконың пайдасына өтіп кетуі мүмкін еді. Мен бапкерлерімнің айтқанын тыңдап, кездесуге құрған жоспарды орындадым. Оңай болмады. Дегенмен біз өз жолымыздан танбай, жеңіске жеттік. 

Мен джебтің арқасында жеңіске жеттім. Оны нокаутқа түсіргім келді. Бірақ кез-келген қарсыласыңды нокаутқа түсіре бермейсің ғой. 

Ең мықты деген боксшылармен кездесу өткізе аламын. Мұны барлығы біледі. Деревянченко маған қарағанда Головкинді қатты қинаған болатын. Бұл оның деңгейі жоғары деген сөз. Дегенмен мен одан да мықты екенімді дәлелдедім", - дейді Чарло. 

Еске салайық, Деревянченко Геннадий Головкинмен 2019 жылдың қазанында жұдырықтасты. Бұл кездесудің бірінші раундында ол нокдаун алып қалып еді. Бірақ кездесуді ары қарай жалғастырып, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берген болатын. 




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама