auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне екі апта қалғанда қарсыласы ауысып кетті

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне екі апта қалғанда қарсыласы ауысып кетті
Сурет: ringtv.com
Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі кездесудегі қарсыласы ауысып кетті,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз 9 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында (Невада штаты, АҚШ) The Bubble аренасында Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде шаршы алаңға шығу керек. Әлімханұлының қарсыласы рейтингте үздік 15-тің қатарында болған боксшы болуы керек еді. Бірақ ол қарсылас жарақат алып қалыпты. 

"Жаттығу жалғасып жатыр. Өкінішке орай қарсылас ауысып жатыр. Топ 15-тегі солақай қарсылас жаттығуда жарақат алыпты. Бүгін хабарлады. Промоутер 2-3 күнде жаңа қарсыластың есімін айтады. Бұл жолғысы өткендегісінен мықты, әрі атақты болады деп сенеміз. Әрине жекпе-жекке аз қалғанда қарсыластың ауысқаны жақсы емес. Дегенмен біз кез-келгеніне дайынбыз", - деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Жаттығу жалғасып жатыр. Өкінішке орай қарсылас ауысып жатыр. Топ 15-тегі солақай қарсылас жаттығуда жарақат алыпты. Бүгін хабарлады. Промоутер 2-3 күнде жаңа қарсыластың есімін айтады. Бұл жолғысы өткендегісінен мықты әрі атақты болады деп сенеміз. Әрине жекпе-жекке аз қалғанда қарсыластың ауысқаны жақсы емес. Дегенмен біз кез-келгеніне дайынбыз. Қазақ стилі ол #1 стиль ????????✊

Публикация от TEAM JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_qazaqstyle)



Айта кетейік, Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға қараша айында Фресно қаласында (Калифорния штаты, АҚШ) шаршы алаңға шығып, канадалық Альберт Онолунсені жеңіп, WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. 

Негізі ол шаршы алаңға наурыз айында Квебек (Канада) қаласында ганалық Исса Самирмен (18-0, 15 КО) кездесуі керек еді. Бірақ бұл шоу коронавирусқа байланысты өтпей қалды. 







Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама