Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Арландарға" қарсы жұдырықтасатын ресейлік боксшылардың тізімі шықты

"Astana Arlans" пен "Russian Boxing Team" арасындағы кездесу 3 ақпанда өтеді.

"Арландарға" қарсы жұдырықтасатын ресейлік боксшылардың тізімі шықты
©European Boxing Confederation
Бүкіләлемдік бокс сериясының VII маусымындағы "Astana Arlans" клубына қарсы шығатын ресейлік "Russian Boxing Team" командасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы "Р-Спорт" агенттігі хабарлайды. 

Жаңа маусымдағы шымылдық ашар кездесу 3 ақпан күні өтеді. Бірақ, жекпе-жектің өтетін орны әлі нақтыланған жоқ. 

Бірінші кездесуге Иван Шидловский баптайтын ресейліктер тас-түйін дайын екен. "Р-Спорт" агенттігі берген сұхбатында бапкер алдағы жекпе-жектерге қатысатын боксшылардың да тізімін жариялады.

Бапкердің айтуынша, алдағы кездесуде 49 келі салмақта Батор Сагалуев, 52 келіде Максим Чернышев, 64 келіде Ратмир Абдурахманов, 75 келіде Максим Коптяков және 91 келіге дейінгі салмақта Сергей Калчугин шығады екен. Бұл боксшылардың барлығы да қазір Ресей құрамасымен бірге Сочиде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. 

Ал "Astana Arlans" командасының бапкерлері алдағы кездесуге қатысатын боксшылардың тізімін әлі жарияламады. Бірақ, біздің команданың боксшылары да ұлттық құрамамен AIBA-ның жаттығу базасында дайындықтарын өткізіп жатыр. 

Айта кетейік, WSB жобасы биыл жетінші мәрте өткелі жатыр. Биыл біздің командамен бір топта ресейлік ұжымнан бөлек, қытайлық "China Dragons" пен өзбекстандық "Uzbek Tigers" командалары өнер көрсетеді. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости