Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Ирандық жанкүйерлер Криштиану Роналдуға дұрыс ұйықтауға кедергі келтірді

Португалия құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Иранмен кездеседі.

Ирандық жанкүйерлер Криштиану Роналдуға дұрыс ұйықтауға кедергі келтірді
Криштиану Роналду. Сурет: Getty Images
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ирандық жанкүйерлерге қонақ үйдің жанында қатты шуламау туралы өтініш жасады, деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы Globoesporte басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, Португалия құрамасының ойыншылары мен бапкерлерін Саранск қаласындағы құрама жайғасқан қонақ үйге ирандық жанкүйерлердің келгені қатты таңғалдырған. Ирандық жанкүйерлердің айғай-шуы футболшыларға ұйықтауға кедергі жасаған. Сөйтіп, Роналдудың өз терезесінің алдына шығып, маңызды ойынның алдында дұрыс тынығып алу үшін, жанкүйерлерден тынышталуды сұраған. 

Айта кетейік, В тобындағы Иран мен Португалия құрамалары арасындағы кездесу дүйсенбі күні өтеді. Бұл топтағы Португалия мен Испания құрамаларында 4 ұпайдан болса, Иран құрамасында 3, ал Марокко құрамасында 0 ұпай. Осылайша, Иран, Испания және Португалия құрамалары әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап тұр. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости