Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" Чемпиондар лигасында алғаш рет өз алаңында ұтылды

Елордада өткен кездесуде хорват командасы 2:0 есебімен ұтып кетті.

"Астана" Чемпиондар лигасында алғаш рет өз алаңында ұтылды
Жигер Абенов
"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы "Динамо Загребке" қарсы алғашқы ойында есе жіберді. Елордада өткен кездесуде хорват командасы 2:0 есебімен ұтып кетті.

"Динамо Загреб" алғашқы голын бірінші тайм аяқталар тұста соқты. Марио Будимир командаласы Дани Ольмоның берген пасын оңтайлы пайдаланып есеп ашты. Екінші таймда "Астана" командасы таразы басын теңестіруге ұмтылғанмен, нәтиже өзгермеді. Есесіне хорваттардың шабуылы ширақ шығып, 84 минутта Дани Ольмо есепті еселеді. Оның алыс қашықтықтан тепкен добын Ненад Эрич қайтарып үлгермеді.



"Астана" Чемпиондар лигасында алғаш рет өз алаңында ұтылды. Қарт құрлықтың басты додасына төртінші рет қатысып жатқан команда осыған дейін "Астана Аренада" өткізген 13 ойынында (8 жеңіс, 5 тең ойын) да ұтылмаған еді.

Қос команда арасындағы қарымта ойын 14 тамыздан 15-не қараған түнде өтеді. Екі ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Швейцарияның "Янг Войз" командасымен кездеседі. Ал ұтылғаны Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде жарысты жалғастырады.

Айта кетейік, "Астана" мен "Динамо Загреб" УЕФА аясындағы жарыстарда алғаш рет кездесті. Екі команда да Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнаған. Бұл – үздік нәтижелері. Елордалық команда 2015 жылы топтық кезеңде ойнаса, хорват ұжымы 2011, 2012, 2015 және 2016 жылдары топқа шыққан.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости