Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Мысырлық адвокат Салахты жарақаттаған Рамосты бір миллиард еуроға жазаға тарту үшін сотқа шағым жасады

Адвокат Ромас Салахты әдейі жарақаттады деп отыр.

Мысырлық адвокат Салахты жарақаттаған Рамосты бір миллиард еуроға жазаға тарту үшін сотқа шағым жасады
Reuters©
Мысырлық адвокат Бассем Вахба Чемпиондар лигасының финалында Мысыр құрамасы мен "Ливерпульдің" шабуылшысы Мохамед Салахты жарақаттаған мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Серхио Рамосты бір миллиард еуроға жазаға тарту үшін сотқа шағым жасады. Бұл туралы Goal.com порталы хабарлап отыр. 

Финалдық кездесудің 30 минутында Салах жарақатына байланысты алаңнан кеткен болатын. Оның орнына Адам Лаллана шыққан болатын. Ал кездесу 3:1 есебімен "Реалдың" пайдасына аяқталды. 

Айта кетейік, Салахты жарақаттағы үшін Рамос кездесудің бас төрешісі сербиялық Милорад Мажичтен ешқандай ескерту алған жоқ. 

Егер Вахба бұл істе жеңіске жететін болса, бір миллиард еуроны қайырымдылық қорына беремін деп отыр екен. Шағымды ол ФИФА-ға түсірген. Бірақ Чемпиондар лигасын УЕФА өткізеді. 

"Рамос Салахты әдейі жарақаттады. Сол үшін де жазалануы керек. Мен ФИФА-ға шағым білдірдім. Мен өтемақыны талап етіп отырмын. Рамостың Салах пен Мысыр еліне келтірген физикалық және психологиялық залалы үшін ол бір миллиардтан асып кетуі мүмкін", - деді адвокат мысырдық Sada El-Balad арнасының эфирінде. 



Бұған дейін Мысырдың спорт министрі Халед Абд Эль-Азиз Салахтың емделуіне екі апта кететінін және оның 2018 жылғы Ресей жерінде өтетін әлем біріншілігіне қатыса алатынын айтты. Әлем біріншілігінде Мысыр құрамасы А тобында Ресей, Уругвай және Сауд Арабиясымен бір топта ойнайды. 








Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости