Залда бапкер қажет пе, әлде өз бетінше жаттықан артық па?

©artfile.me

Спортзалға келіп өз білгенімен жаттыққан адамның көрсеткіші кәсіпқой маман нұсқауымен дайындалғандай нәтижеге жетпейді дегенді естиміз. Шынымен солай ма? Бапкермен жаттығу қаншалықты қажет екенін анықтап көрейік. 

Нұсқаушы керек пе?

Статистикаға сүйенсек, өз алдына жаттыққан адамдарға қарағанда кәсіпқой бапкерлердің көмегіне жүгінгендер жаттығуға уақытында келіп, нәтижеге тезірек жетеді екен. Психологиялық тұрғыда өздігінен түсінікті дүние: маманды жалдаған соң, адам өз мойнына залға үнемі баруға міндет алады, өйткені оны күтіп отыр ғой. 

Кәсіпқой маманмен жаттығудың артықшылқтары мен кемшіліктерін саралайық.

Артықшылығы

Бұл артықшылықты жаттығуды дұрыс жасауды енді үйреніп жүргендер жақсы сезінеді. Жеке бапкермен жаттығудың неге пайдалы екенін тізіп көрейік:

жарақат алып қалу ықтималы төмен. Кейбір жаттығуларды дұрыс орындамау денсаулыққа зиян. Жаттықтырушы залда сізді бақылап отырады, орындау техникаңызды және өзіңізді қалай сезінетініңзді;  іс-амалға түрткі. Мотивациясы төмен адамдар өзін аяйды да, бар күшін салмайды, оның үстіне жаттығу күндерін сиретіп те жібереді. Ал бапкердің ынталандыратын сөздері мен қатаң тәртібі бойыңыздағы күш-қуатты оятып, күрделі жаттығу кезінде демеу болады; мәлімет көзі. Кәсіпқой маман жаттығуды орындау техникасы туралы білімі мол. Сондықтан жеке бапкермен жаттығудың нәтижелі екенін білетін адамдар жаттығу бағдарламасы мен тамақтану тәртібін тәжірибелі маманға құрғызғанды жөн санайды; стрессті азайту. Білікті жаттықтырушының қасында адам өзін жайлы сезінеді; ол психолог та, коуч та болады. Қазіргі таңда нұсқаушылар - көп оқыған және өмірдің әр саласында білім жинағандар. Жаттығу арасындағы әңгіме барысында клиент пайдалы дүниелер де естіп қалады. 

Кемішілктер

Жеке бапкермен жаттығудың мынадай тұстары да бар:

күн тәтібі. Жаттықтырушының жұмыс кестесіне ыңғайлану керек болады, жаттығуды оның бос уақытына сәйкестендіру үшін;  көзқарас қайшылығы. Спорттан хабары бар адамдарға осы тұрғыда қиындау болады, өйткені оның қалай жаттығу бойынша өз тәжірибесі бар. Осы қалыптасқан түсініктен ауытқу бапкерге сенімзідіктің себебі болуы мүмкін; күдік. Залға келушілер фитнес-клуб ұсынған жаттықтырушылар арасында біліктісін қалай табу керегін білмей жатады. Ақысы.

Бапкермен жаттығу құны оның білім деңгейі, қай бағытта мамандандырылғаны және тәжірибесіне қарай жоғары болады. 

Мінсіз жаттықтырушының белгілері

Жақсы бапкерге чек-лист жасайық, осы арқылы сіз нағыз маманды тани аласыз:

прогресс болады. Жақсы жаттығулардың алғашқы нәтижесі 3-6 айдан кейін көріне бастайды. Ілгерлеуіңізді салмағыңызға қарап емес, айнадағы дене пішініңізге қарай бағалаңыз; жаттығу күнделігінің болуы. Мықты маман сіздің нәтижеге жетуіңізге мүдделі, сондықтан клиенттің жетістігін белгілеп жүреді; бәрін бір ұстаныммен жаттықтырмайды. Фитнес-клубқа келушілердің бәрінің дене параметрлері және денсаулық деңгейі бірдей емес, сондықтан бәріне бірдей ортақ жаттығу бағдарламасы жоқ. Сондықтан нағыз кәсіби маман сізге осы уақытта ең қолайлы жаттығу кешенін құрады. 

Нашар бапкерді танып үйренейік

өзіне лайқыты бапкерді бәрі бірден таба бермейді, әсіресе бұрын маманмен жаттығып көрмегендер. Сондықтан қателік жібермес үшін келесі белгілермен танысып алыңыз:

әдептіліктің жетпеуі. Бапкер клиентке дөрекілік танытып, мазақ етпеуі керек. Ол сізді осылайша ынталандырамын деп ойлайды, бірақ шындығында адам залға келбетті мүсін және денсаулық үшін келеді, психологиялық езгі мен кемшіліктерін біреу шұқып көрсетуі үшін емес;
жан-жаққа шашыраңқылық. Бар назар сізге ғана салынатын жекелей жаттығу туралы келісім болғанымен, жаттықтырушы бірнеше адаммен қатар жұмыс істеуі мүмкін. Бұл оның біліктілігін күмәнді етеді;
өзін дәрігер сезіну. Жаттықтырушы спорттық дайындық барысында клиенттің созылмалы ауруларын есепке алмайды. Грыжасы немесе қан қысымы бар адамға нұсқау беруге біліктілігі жетеді деп ойлайуы.

Жаттықтырушыны ауыстыру: қоштасқан қиын

Нашар жаттықтырушыны ажырата алатын болдыңыз, енді келесі пункт - бапкерді ауыстыру туралы сөз етейік.

Залға келуші адам жаттықтырушыны ауыстырғысы келетін жағдай жиі болады. Өзге бапкерге барғанның не қындығы бар? Көбінде клиенттер көңілі толмаса да, бұрынғы жаттықтырушымен қала береді. 

Ыңғайсыз тақырыпты сөз етуден қорықпаңыз. Сіз бұл әңгіменің соңында бұлшық ет жинаған немесе арықтағаныңызды айтып, оған алғыс білдіріңіз.

Бапкермен қош айтысқанда бастысы - әдептілік пен ізгі ниет: залдағы өзге келушілерге жаттықтырушыдан неге кетіп жатқаныңызды айтпаған абзал. Бапкер мұны естіп қалып, ренжуі мүмкін. Жаттықтырушымен қош айтысып, жүгіңізді жеңілдетіңіз де, басқа маманмен дайындалыңыз. 

Топта жаттығу ұсынысына жауабыңыз қандай?

Бір топ адаммен бірге жаттығудың еш зияны жоқ, егер, бұл формат адамның көңілінен шықса. Ал егер жаттықтырушының назары сізде ғана болсын десеңіз, онда мұндайдан бас тартыңыз. Сіз - ересек адамсыз, жаттықтырушыға қалтаңыздан ақы төлейсіз, сондықтан қандай форматта дайындалғыңыз келетінін өзіңіз шешуге құқылысыз.  

Әрине жекелей жаттығудың бұлжымас артықшылықтары бар. Ал өз бетінше жаттығуда жолыңыз болмаса, спортқа көзқарасыңыз нашарлауы ықтимал. 

Сізге жаттығу жасау техникасындағы қателік пен тамақтанудағы ағаттықтарды жеке бапкерден өзге ешкім көрсетіп бере алмас. Сізге бапкер қажет пе, жоқ онсыз да дұрыс бағыттасыз ба, соны түсініп алу үшін екі-үш жаттығуға болсын кәсіпқой жаттықтырушымен дайындалып көріңіз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды