Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығын басқарады

Болат Мажағұлов Токиодағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық джиу-джитсуден көк белбеудің иегері.

Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Қазақстан джиу-джитсерлерлерінің кезектен тыс конференциясында қауымдастықтың жаңа президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Болат Мажағұлов Токиодағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, бразилиялық джиу-джитсуден көк белбеудің иегері. 

"Қазақстан Республикасының джиу-джитсу қауымдастығы елімізде аталмыш спорт түрін дамыту мақсатында құрылды. Қауымдастық қызметі Қазақстанның ұлттық комитетімен танылып, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетімен аккредиттелген. Сонымен қатар, Қауымдастық Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) мүшесі болып табылады", - делінген баспасөз хабарламасында. 


Сурет Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасынан алынды

Қауымдастық құрамына Қазақстанның 16 облысының және Астана мен Алматы қалаларының федерациялары кіреді. Он мыңнан аса спортшы, жаттықтырушы және спорттық төреші Қауымдастыққа мүше болып табылады. Джиу-джитсуден ұлттық құрама халықаралық аренада жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, сәтті өнер көрсетуде. Қазіргі кезде спортшылар Джакартадағы (Индонезия) Азия ойындарына дайындық үстінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости