auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" ФК құны 1,8 миллион еуроға бағаланатын футболшыға ұсыныс жасады

"Астана" ФК құны 1,8 миллион еуроға бағаланатын футболшыға ұсыныс жасады
© twitter.com/giannibruno9
Бельгиялық шабуылшы Джанни Бруноға "Астанадан" ұсыныс түскен. Бұл туралы футболшы Walfoot.be сайтына берген сұхбатында айтты.

27 жастағы форвард өткен маусымда бельгиялық "Серкль Брюгге" сапында ойнаған. Бельгия чемпионатында 34 матчқа қатысып, 13 гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанған.

Маусым аяқталған соң Бруно мен "Серкль Брюгге" жаңа келісімшарт бойынша келісе алмай, футболшы оны ұзартудан бас тартқан.

"Мен маусымды жақсы өткіздім, бұл алдымнан көптеген есік ашады. Бельгияда қалғым келеді, себебі бұл чемпионат ұнайды. Сондай-ақ, "Лудогорец" және "Астана" секілді шығысеуропалық клубтардан ұсыныс алдым. Сауд Арабиясының екі ұсынысынан бас тарттым, себебі Еуропада қалғым келеді", - деді футболшы.

Қазір Бруно - еркін агент, футболшы кез келген командаға тегін ауыса алады. Атақты Transfermarkt сайты шабуылшыны 1,8 миллион еуроға бағалаған.

Джанни Бруно - бельгиялық "Стандарт" пен франциялық "Лилльдің" түлегі. Футболшы Францияда "Бастия", "Эвиан" және "Лорьян" командаларында, сондай-ақ ресейлік "Крылья Советов" клубында ойнаған. 2012 жылы 20 қарашада БАТЭ-ге қарсы матчта Чемпиондар лигасындағы дебютін өткізіп, бір гол соққан. Футболшы Бельгияның түрлі жастағы құрамаларында ойнаған, бірақ ұлттық командаға шақырту алмаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама