Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақтың "Сұңқары" Арман Оспановтың келесі жекпе-жегі белгіленді

Спортшы бір жарым жыл жұдырықтаспады.

Қазақтың "Сұңқары" Арман Оспановтың келесі жекпе-жегі белгіленді
© instagram/armanospan89
Қазақстандық файтер Арман "Сұңқар" Оспанов 27 сәуір күні Мәскеуде өтетін АСА 95 турнирінде жұдырықтасады. Бұл туралы турнирдің Іnstagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланған. 

АСА 95 турнирінде отандасымыз германиялық Лом-Али Эскиевпен жұдырықтасады. Тегі шешен болып келетін файтер соңғы жылдары Дюссельдорфқа қоныс аударған. Германияда "Арыстан" деген лақап атпен танымал. Аралас жекпе-жекте 20 жекпе-жек өткізіп, 15-де жеңіске жеткен. 4 рет жеңілген және 1 рет қарсыласымен тең түскен.

Лом-Али Эскиев Германиядағы болашағы зор спортшылардың бірі саналады. 2013 жылы RNC-Martial Arts Gala турнирі кезінде қарсыласы Вугар Бахшиевті 13 секундта жеңген екен. Осыдан кейін спортшының танымалдылығы артқан.



Еске салайық, Арман Оспанов жарақатына байланысты ұзақ уақыт жекпе-жектерге шыққан жоқ. "Сұңқар" соңғы рет 2017 жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткізді. Ресейлік Александр Полпудниковтен төрешілер шешімі бойынша ұпай санымен жеңілді. Осыдан кейін жарақатынан емделді. Былтыр бірнеше рет жекпе-жек өткізу жоспарланған еді, алайда, түрлі себептерге байланысты жұдырықтасуға мүмкіндік болмады. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости