auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Басыңды қауіпке тіккің келмейді!". Жеңісін қазақ халқына арнаған спортшы дағыстандық "Жыртқышқа" бәс ұсынды

"Басыңды қауіпке тіккің келмейді!". Жеңісін қазақ халқына арнаған спортшы дағыстандық "Жыртқышқа" бәс ұсынды
Сурет: instagram/qazmma_tm
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников дағыстандық "Тақырбас жыртқыш" лақап атты Магомед Исмаиловке бәске келуді ұсынды. 

Мәскеуде өткен ACA 111 турнирінде 28 жастағы қазақстандық спортшы шоудың басты жекпе-жектерінің бірінде 24 жастағы "Борз" (Бөрі) лақап атты шешенстандық Юсуф Раисовты төрешілер шешімімен жеңді. Осыдан кейін Резников шаршы алаңда тұрып: "Магомед Исмаилов 77 келіге түс, мен 77-ге көтерілемін. Нағыз тақырбас жыртқыш кім екенін анықтаймыз!", деген еді.

Бұған Исмаилов қазақстандық файтерге бұл ойы қауіпті екенін ескертіп, сес көрсетті. Дегенмен Резников бұл мақсатынан қайтар емес. 

"Магомед, бұл салмақты бекер айтқан жоқпын. Өзің де Эдуард Вартанянға 77 келіде жұдырықтасайық дегеніңе көп уақыт болған жоқ! Білемін, басыңды қауіпке тіккің келмейді! Алайда бұл жақсы бір сынақ қой! Сені ауыр салмақта, 84 келіде де көрдік. Бірақ 77 келіде сондай болып қала аласың ба? Бәрі әділ, мен бір дивизион жоғары көтерілемін, ал сен біреу төмен түсесің. Міне, содан кейін екі тақырбас күш сынасады! Бәске келейік! Кім жеңілсе шашын иығына дейін өсіреді! Дайынсың ба? Сен дайынсың ба?", - деп жазыпты Резников Instagram желісінде. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама