Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық үшінші файтер UFC-мен келісімшартқа қол қойды

Бұл туралы Жалғас Жұмағұлов айтты.

Қазақстандық үшінші файтер UFC-мен келісімшартқа қол қойды
© facebook.com
Қазақстандық файтер Сергей Морозов (16-4-0) әлемдегі ең танымал UFC (Ultimate Fighting Championship) промоушнімен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы "Спорт-Экспресске" берген сұхбатында қазақстандық файтер, жақында UFC-мен келісімшарт жасасқан Жалғас Жұмағұлов айтты.

"Досым әрі клубтасым Сергей Морозов бар. UFC-мен келісімшарт жасасып қойды деуге де болады. Екеуіміздің дебютіміз бір күнде болатын шығар", - деді Жұмағұлов.

Морозов - жеңіл салмақта M1 Challenge чемпионы. Соңғы жекпе-жегін 19 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізген. M-1 Challenge105 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Джош Реттингхаустан ревнаш алып, титулын қорғап қалған еді. 

Осылайша, Сергей Морозов UFC-дегі үшінші қазақстандық атанбақ. Бұған дейін промоушнмен Жалғас Жұмағұлов және Шавкат Рахмонов келісімшарт жасасқан болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости