Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Көздері алайғанша ұрдым". Жұмағұловтың жекпе-жек кезінде екі қолының да саусақтары шығып кеткен

Ендігі белес UFC.

"Көздері алайғанша ұрдым". Жұмағұловтың жекпе-жек кезінде екі қолының да саусақтары шығып кеткен
© Fightnews.info
Қазақ файтер Жалғас Жұмағұлов sport24.ru порталына берген сұхбатында Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турниріндегі жеңісі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турнирде Жұмағұлов дағыстандық Али Багаутиновпен жекпе-жек өткізіп, ең жеңіл салмақта ұйым чемпионы атағын қорғап қалды.

- Бір сәт те ойымды күдік шалған жоқ. Командамда өте тәжірибелі файтерлер. Бесінші раундтан кейін маған оны таза жеңгенімді айтты. Қандай зиян келтіргенімді қараңыздар. 

- Сол көзіңнің асты жарылған. Тейкдаун мен соққыларды бөгеу қиын болды ма?

- Шынын айтқанда, ол мені сан рет баспен ұрды. Бұтымнан да тепті. Қолғап пен киімнен ұстады. Тордан ұсталынды. Бұл дұрыс емес. Төрешіге бұл туралы айтқанмын. Ол көрдім деп жауап берді. Жекпе-жектен кейін төрешіге барып, неге ештеңе айтпағанын сұрадым. Олар негізі ескерту беру керек. 

Ал тейкдаун? Қандай тейкдаундар? Ондай болмады. Мен өзім отырдым. Тейкдаун - ол жығып, ұстап тұрғанда.

- Сен құлап, ал қарсыласың соққыны көтерген уақыттар көп болды.

- Қарсыласымның көздерін алайып жіберген соққыларым болды. Ол тәжірибелі болғандықтан, құшақтап үлгереді. Аяғына дейін жеткізе алмадым. Ол соққыға шыдайды. Өз жекпе-жегімді көрдім. Тек алға жүрдім. Титулымды қорғағым келді. Мұны бәрі көрді. 

- Саусақтарың шығып кетті ме?

- Иә, екі қолымның да бас бармақтары. Біріншісі басында, ал екіншісі төртінші раундта.

- Енді UFC?

- Солай деп йолаймын, иә. Үміттенемін. Оған лайықтымын деп ойлаймын. Әлсіз қарсыластарым болған жоқ. Бәрі мықты еді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости