Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Санчеспен мұндай болған емес". ESPN сарапшысы Головкиннің жаңа бапкермен қалай ілгерлегенін айтты

GGG Санчеспен тоғыз жылдық серіктестіктен соң қоштасты.

"Санчеспен мұндай болған емес". ESPN сарапшысы Головкиннің жаңа бапкермен қалай ілгерлегенін айтты
© DAZN
0
ESPN арнасының сарапшысы Тедди Атлас қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен өткен бірінші жекпе-жегіне баға берді.

8 маусым Нью-Йоркте Головкин төртінші раундта канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутқа түсірді. Бұл қазақстандықтың DAZN стриминг қызметіндегі алғашқы жекпе-жегі болды.

"Бэнкс жақсы еңбектенді деп есептеймін. Головкин бұрынғыдан жақсырақ болды. Иә, бірнеше соққы жіберіп алды, кейіншектеді, бірақ, бұл жаңа дүниелерді сынап көруге байланысты еді. Мен одан жаңашылдықтарды байқадым. Абель Санчесте болғандағыдан жақсырақ. Біріншіден, Головкин физикалық тұрғыда өзін жеңіл ұстады: Санчес оны зорықтырып жіберген. Жастау көрінді, физикалық та, ментальді тұрғыда да. "Канеломен" соңғы жекпе-жекте ол зорығып қалғандай болды. Екіншіден, онда комбинация көбейген, денеден соққыларды арттырып, басын да қозғап жүрді. Санчеспен жаттыққанда мұндай болмаған. Сондықтан жақсы дүниелер көп - бұл Бэнкстің арқасы", - дейді Атлас. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости