Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
DAZN стриминг компаниясы "40 күн" фильмінің екінші бөлімін жарыққа шыққанын жариялады. Деректі фильмде Геннадий Головкин мен (38-1-1, 34 КО) канадалық боксшы Стив Роллстың (19-0, 10 КО) жекпе-жек алдындағы дайындықтары көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Фильмнің бірінші бөлігі "Талпыныс" деп аталған. Онда Головкин мен Роллстың жаттығулары көрсетілген. Бұл туындыны танымал голливудтық актер Марк Уолбергтің компаниясы түсірген. Уолбергтің өзі фильмнің продюсері.
Бірнеше бөлімнен тұратын "40 күн" деректі фильмін DAZN компаниясы айтулы жекпе-жектердің алдында түсіреді.
Боксшылардың кездесуі 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden алаңында 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. Головкин үшін бұл - DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы. Сонымен қатар, ол алғаш рет жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің жаттықтыруымен жұдырықтасады.
Бұл бокс кешінің андеркартында қазақстандық Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) және Бахтияр Эюбов (14-0, 12 КО) өнер көрсетеді. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бокс кеші 9 маусымда өтеді. Қазақстандық көрермендер жекпе-жектерді тікелей эфирден тамашалай алады.
Жарнама