Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Канелоның" ақылы ағасын нокауттан құтқармады

Мексикалықтар жеті ағайынды және барлығы боксшы.

"Канелоның" ақылы ағасын нокауттан құтқармады
Брэндон Риос (сол жақта) және Рамон Альварес. Сурет Matchroom Boxing
0
Америкалық Брэндон Риос мексикалық Рамон Альваресті техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Sky Sports.

Алғашқы орта салмақтағы жекпе-жек Канзаста өтті. Риостың үшінші, алтыншы және сегізінші раундта жекпе-жекті аяқтауға мүмкіндігі болғанымен, Альварес табандылық танытты. Алайда тоғызыншы раундта мексикалық соққыға жауап қайтарудан қалды. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. 



32 жастағы Риос 35-ші жеңісіне жетті (26 нокаут), сонымен қоса, ол төрт рет жеңіліген және бір рет тең түскен. Ал 32-жастағы Альварес жетінші рет жеңіліп отыр, сондай-ақ, ол 27 жеңіске жетіп (16 нокаут), үш рет тең түскен. 

Айта кетейік, Рамон Альварес жеті ағайынды, барлығы да кәсіпқой бокста жұдырықтасады. Ал олардың ішінде ең танымалы қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО) жеңіп, барлық белбеуінен айырған Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО).

"Канело" ағасының Риоспен жұдырықтасар алдында видеобайланыс арқылы хабарласып, ақылын айтқан және сәттілік тілеген болатын. Шешінетін бөлмеде болған бұл жағдай DAZN онлайн-қызметінің трансляциясында көрсетілді. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости