Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Барыс" Астанада "Юградан" да ұтылды

"Барыс" болса бірер күн бұрын ғана бас жаттықтырушысы Евгений Корешковты қызметінен босатқан болатын.

Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті ойында "Барыс" Астанада Ханты-Мансийскінің "Югра" клубынан ұтылды. Ойында қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

"Югра" "Барыспен" өтетін ойын алдында ғана плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Әйтсе де команда ойыншылары жеңіске бастар жолды таба білді. Клубтың осы маусымдағы сәтсіздігі елордалық командаға қарсы кездесуде ойыншыларының жүйкесіне салмақ түсіре қоймады.

"Барыс" болса бірер күн бұрын ғана бас жаттықтырушысы Евгений Корешковты қызметінен босатқан болатын. Бүгінгі ойынға команданы Ғалым Мамбеталиев дайындап шықты.

Ойын басталысымен-ақ қонақтар есепте алға шықты. Ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланған қонақтар шайба соқты. Бірінші кезең аяқталар тұста Сергей Кудрявцев қақпасынан тағы бір рет шайба алып шықты. Екінші кезеңде "Югра" "Барыс" қақпасына үшінші шайбаны соқты. Үш шайбаны да ойыншы басымдығында Александр Угольников соғып, хет-трик жасады.

"Барыс" үшінші кезеңде барып қана ес жиды. 42 минутта Роман Старченко елордалық команданың ойындағы бірінші шайбасын соқты. 56 минутта Линден Вей есепті қысқартты. Алайда ойын соңына дейін таразы басын теңестіре алмады.

"Барыс" Астанада өткізген алты ойында да ұтылды. Алда сырт алаңда төрт ойын өткізеді. 63 ұпаймен Шығыс конференцияда 10-орында келеді. Келесі ойынын 9 қаңтар күні Хабаровскіде "Амурға" қарсы өткізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
20 желтоқсан
11:43