Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Хоккейшілер жаға жыртысқан ойында "Барыс" "Сібірден" тағы ұтылды

Бірер күн бұрын-ақ осы Новосібірлік командаға 4:0 есебімен есе жіберген еді.

Құрлықтық хоккей лигасында "Барыс" "Сібірден" осы маусымда төртінші рет ұтылды. Бірер күн бұрын-ақ осы Новосібірлік командаға 4:0 есебімен есе жіберген еді.

"Сібір" "Барыстың" ыңғайсыз қарсыласына айналды. Бүгін өткен ойын да аса тартысты өткенмен, жеңіс мұз айдын иелеріне бұйырды.

Бірінші кезеңде "Сібір" хоккейшілері жылдам екі шайба соғып, алға шықты. Талғат Жайлауов пен Антон Сагадеев таразы басын теңестіргенмен, 20 минутта Ермаков мұз айдын иелерін қайта алға шығарып кетті.

Екінші кезеңде "Барыстың" басымдығы байқалды. Найджел Доус пен Линден Вейдің соққан шайбалары елордалық команданы алға шығарды. Алайда үшінші кезеңде "Сібірдің" хоккейшілері белсенді. Үш ретте ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланып, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Ойын аяқталар тұста "Барыс" шабуылшысы Константин Пушкарев пен "Сібір" қорғаушысы Максим Игнатович жаға ұстасып, бір-біріне жұдырық сілтесті. Араға төрешілер түсіп, екі хоккейшіні 5 минут айып уақытымен жазалады.



"Барыс" келесі ойынын 25 қараша күні Қазанда "Ақ Барысқа" қарсы өткізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
20 желтоқсан
11:43