auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Astana Arlans" ресейлік командаға қарсы шығатын құрамын жариялады

Қазақстандық клуб Үндістанның "Indian Tigers", Ресейдің "Patriot Boxing Team" және Қытайдың "China Dragons" командаларымен бір топта.

"Astana Arlans" ресейлік командаға қарсы шығатын құрамын жариялады
Astana Arlans (vk.com желісі)
Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын "Astana Arlans" командасы жаңа маусымдағы екінші кездесуін 24 ақпан күні Щучинскіде Ресейдің "Patriot Boxing Team" командасына қарсы өткізеді. Қос команда шаршы алаңға шығатын боксшылар құрамын жариялап үлгерді.

Қазақстандық клуб Үндістанның "Indian Tigers", Ресейдің "Patriot Boxing Team" және Қытайдың "China Dragons" командаларымен бір топта. Қазақ боксшылары топтағы бірінші кездесуді 10 ақпан күні Қарағандыда үнді боксшыларына қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ресейлік клуб Щучинскіде топтағы алғашқы кездесуін өткізеді. "Жақсы-2" спорт кешенінде өтетін бокс кешінде С1 дәрежесіндегі боксшылар шаршы алаңға шығады. Тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді.



"Astana Arlans" пен "Patriot Boxing Team" командалары осы жоба аясында жиі кездесіп келеді. Өткен маусымда да бір топта болып, екі кездесуде де қазақ боксшылары жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ ширек финалда қайта жолығып, ол кезде де отандастарымыз қарсыластарынан қарымды шыққан еді.

Айта кетейік, биыл WSB жобасының 8-ші маусымы басталды. "Astana Arlans" – осы додада ең көп жеңіске жетіп, 3 рет чемпиондық атаққа (2013, 2015, 2017) қол жеткізген бірден-бір команда.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар