Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Левит-Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты қорытынды шешім шықты

Василий Левит 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған.

Халықаралық Олимпиада комитеті Левит - Тищенко даулы жекпе-жегіне қатысты соңғы әрі нақты шешім шығарды. Ұйым президенті Томас Бах AIBA-ның (Олимпиада боксының халықаралық ассоциациясы) Лозаннадағы атқару комитетінің отырысы қорытындысы бойынша жұмысын жоғары бағалады. Бұл туралы "Чемпионат" хабарлады.

ХОК Бразилияда өткен 2016 жылғы Олимпиадада төрешілердің тарапынан жекпе-жек нәтижелерін шығаруында жемқорлық немесе айла-шарғы жасау деректері расталмағанын мәлімдеп отыр.

"ХОК AIBA-ның түбегейлі өзгеріс енгізу жолындағы ынта-ұмтылыстарына қолдау көрсетеді. AIBA жаңару жолында айтарлықтай дами түсті. Терең өзгеріс енгізу үшін уақыт қажет екенін түсінеміз және AIBA-ға уақыт беріп, барлық қажетті көмекті аямаймыз", - деді Бах.

Еске салайық, Василий Левит 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған. Кейін бұл кездесу нәтижесіне наразы болғандар көбейген. Бұл Олимпиада ойындарында ресейлік боксшы Владимир Никитин мен ирландиялық Майл Конлан арасындағы кездесу де даумен аяқталған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тегтер:
Новости