Үш белбеуі бар жеңілмеген қазақ боксшысы келесі кездесуіне дайындығын бастады

Сурет: instagram.com/yerbossynuly_aidos

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) келесі кездесуіне дайындығын бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз дайындығын осы аптада Алматы қаласында бастапты. Оның келесі кездесу қашан өтетіні туралы нақты ақпарат жоқ.

Ербосынұлы желтоқсан айында Атырау қаласында венгриялық Иштван Силиге (24-2-2, 12 КО) қарсы өткізу керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты Сили Қазақстанға келуден бас тартты. 

Бұған қарамастан WBC Asia, WBA International және WBO Global белбеуі бар Ербосынұлының командасына жыл соңына дейін жекпе-жек өткізуге ниетті. 

Еске салайық, Ербосынұлы соңғы кездесуін 26-шілде күні Минскіде (Беларусь) неміс жігіті Нуху Лавальға (27-7, 15 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жетті. Қазіргі уақытта Айдос WBA рейтингінде екінші, WBO рейтингінде алтыншы, IBF тізімінде жетінші, ал WBC рейтингінде 15-орында тұр. 



 

Метки:
Жаңалықтар