Цзю мен абсолют чемпионның жекпе-жегі белгіленді

©twitter.com/NoLimit_Boxing

Аустралиялық боксшы Тим Цзю (21-0, 15 КО) келесі кездесуін бірінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Джермелл Чарлоға  (35-1-1, 19 КО) қарсы өткізетін болды, деп хабарлайды No Limit промоутерлік компаниясы. 

Жекпе-жек 2023 жылдың 28 қаңтарында болады. 

Чарло орта салмақта WBC, WBA Super, IBF және WBO белбеулерінің иегері. Осыған дейін ол атақты боксшы Цзюдің намысына тиіп, мазақ еткен еді. Содан кейін аустралиялық бірден кездесу өткізуге білек сыбана кірісіп, өз дегеніне жетті. 

Айта кетейік, 27 жастағы Цзю бұрынғы әлемнің абсолют чемпионы Костя Цзюдің ұлы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар