Тайсон Фьюридің келесі кездесуі қайда өтетіні анықталды

©TALKSPORT

Промоутер Боб Арум (Top Rank) ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері британдық боксшы Тайсон Фьюри (31-0-1, 22 КО) келесі кездесуін Ұлыбританияда өткізетінін айтты. Алдағы кездесуде ол әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін Александр Усикке (19-0, 13 КО) қарсы кездесу өткізбейді, деп жазады Vringe.com порталы. 

"Фьюридің келесі қарсыласы кім болатыны белгісіз. Сондай-ақ, оның айқасы қашан болатыны да анық емес. Бірақ жекпе-жек Ұлыбританияда өтеді. Маған Диллиан Уайт пен Джо Джой ұнайды. Осы екі боксшының бірі қарсылас болуы мүмкін. Фьюри соңғы бес кездесуін АҚШ-та өткізді. Енді ол өз отанына қайтады. Жуырда промоутер Фрэнк Уоррен онымен кездесіп, бұл мәселені талқылайды", - деді Арум. 

Еске салайық, Фьюри соңғы айқасында Деонтей Уайлдермен кездесіп, 11 раунда нокаутпен жеңіске жетті. Бұл боксшылардың үшінші айқасы болды. Бірінші кездесуде төрешілер тең нәтижені тіркеген болатын. Екінші жекпе-жекте Фьюри нокаутпен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар