Тайсон Фьюридің келесі қарсыласы белгілі болды

©twitter.com/boxingscene

Аса ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері ұлыбританиялық Тайсон Фьюридің келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Fightnews.info порталы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Фьюри Дерек Чисорамен кездесу өткізуге келісті. Бұл жекпе-жек 3 желтоқсан күні Кардиффте болуы керек. 

Айта кетейік, соңғы сәтке дейін Тайсон Энтони Джошуамен айқас өткізуге келіскісі келеді. Бірақ келіссөз сәтсіз аяқталды. Сонымен қатар, Фьюриге Мануэль Чаррамен айқасу туралы ұсыныс түскен. Алайда ол Чисораны таңдаған. 

Еске салайық, Фьюри мен Чисора осыған дейін кездескен. 2014 жылы Тайсон бұл қарсыласын ұпаймен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар