Тайсон Фьюри WBО белбеуінің иегері атанды - Видео

Тайсон Фьюри. © yahoo.com

Супер ауыр салмақта әлем чемпионы болған ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри жеңілмеген неміс спортшысы Том Шварцты техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында бокс кешінің басты кездесуі болды. 

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген, алайда екінші үш минуттықта аяқталды. Фьюри басында неміс боксшысын нокдаунға түсірді, алайда қарсыласы есін жиып жұдырықтасуды жалғастырды. Кейінірек, ұлыбританиялықтың бірнеше соққысынан кейін рефери кездесуді тоқтатты. 

Осылайша, Фьюри Шварцтан екінші деңгейлі WBO Inter-Continental белбеуін тартып алды және тізбектік чемпион атағына лайықты болды. 

30 жастағы Фьюри үшін бұл АҚШ-тағы үшінші кездесуі. Соңғы рет ол шаршы алаңға 2018 жылы желтоқсанда шыққан. Ол кезде америкалық боксшы Деонтей Уайлдермен (41-0-1, 40 КО) жұдырықтасып, тең түскен еді. 


Жаңалықтар