Танымал промоутер "Канело" мен Бивол кездесуіне күтпеген болжам жасады

©Reuters

Америкалық промоутер Кэти Дува жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 КО)  мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) арасындағы кездесуге болжам жасады, деп жазады allboxing.ru порталы. 

Бұл кездесу Қазақстан уақытымен 8 мамыр күні Лас-Вегас қаласында болады. 

"Канело" өзінің құрдасынан жеңілмейді. Ол өзінен жас боксшыдан ұтылады. Қарсылас ірі әрі бокстағы техинкасы мықты болуы керек. Бұл сипаттама Биволға дәл келеді деп ойлаймын. Дегенмен алдағы айқас тең аяқталады деп ойлаймын. Өйткені, жанкүйерлер төрешіге өз әсерін тигізеді. 

Ал Лас-Вегас қаласында "Канело" төрешілердің шешімі бойынша ұтылмайды. Бивол болса оңай жеңілмейтін жігіт. Егер жеңімпазды төрешілер анықтау керек болса, Альваресте басымдық болады. Алайда Дмитрий соңына дейін баратын боксшы. Бірақ бәрібір мен жекпе-жек тең аяқталады деп сенемін", - деді промоутер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар