Танымал америкалық боксшы Василий Ломаченконы жекпе-жекке шақырды

©Top Rank

Екі салмақ бойынша әлем чемпионы, жеңілістің кермек дәмін татпаған америкалық Шакур Стивенсон (18-0, 9 KO) әлемнің бұрынғы чемпионы украиналық Василий Ломаченконы (16-2, 11 KO) жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Top Rank компаниясында кіммен кездескім келеді? Сөзсіз, Ломаченко. Біз IQ өте жоғары боксшылармыз деп есептеймін. Оны мойындаймын. Мықты боксшы. Аяқпен мықты қимылдайды. Ерте ме, кеш пе бұл кездесу болуы керек", - деді Стивенсон журналист Брайан Кастерге берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Ломаченко өткен жылдың желтоқсан айынан бері жекпе-жек өткізбеді. Ол соңғы айқасында 12 раундтың қорытындысы бойынша ганалық Ричард Коммиден (30-4-0, 27 KO) айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар