Суперорта дивизионда "Канелоға" лайықты жалғыз қарсыластың есімі айтылды

©instagram.com/canelo

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес дәл қазір екінші орта салмақта мексикалық Сауль "Канело" Альвареске америкалық Давид Бенавидестен басқа лайықты қарсылас жоқ екенін айтты. Сонымен қатар, Санчес Джермалл Чарлоның "Канелоға" қаншалықты мықты қарсылас болатыны туралы ойымен бөлісті, деп жазады Fightnews.info порталы. 

"168 фунтта қазір "Канелоға" Давид Бенавидестен басқа қарсылас жоқ. Менің ойымша, Джермалл Чарло да Альваресті жеңе алатын мықты боксшы. Жекпе-жек кезінде жақын қашықтықта Чарлоға тең келетін боксшылар жоқ. 

Қазіргі уақытта Давид Альваресті айқасқа шақыратындай деңгейде танымал емес. Ол әлі жұмыс істеу керек. Сосын мұндай мүмкіндік болады", - деді Санчес.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар