Сергей Деревянченко америкалық қарсыласынан айласын асырды

©DAZN

Орта салмақта өнер көрсететін украиналық боксшы Сергей Деревянченко (14-4, 10 КО) америкалық қарсыласы Джошуа Конлиден (17-4-1, 11 КО) айласын асырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу Бруклиндегі (Нью-Йорк, АҚШ) Barclays Center спорт кешенінде болды. Жекпе-жек он раундқа жоспарланып, соңына дейін өтті. 

Он раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 98-92, 99-91, 99-91 есебімен Деревянченкоға берді. 

Айта кетейік, бұл бокс кешінде Дәурен Елеусінов те өнер көрсетіп, жеңіліп қалды

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар