Промоутер "Канело" мен Биволдың екінші айқасы қашан өтетінін айтты

©Reuters

Matchroom Boxing  промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен ресейлік Дмитрий Бивол (20-0, 11 KO) арасындағы реванштың қашан өтетінін айтты, деп жазады vRINGe.com порталы. 

Еске салайық, бұл боксшылар арасындағы бірінші кездесу 8 мамын күні өтіп, Бивол төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Енді Альварес келесі кездесуін 17 қыркүйек күні қазақстандық Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile Arena спорт кешенінде екінші орта салмақта болады. 

"Мұны тек Сауль мен Эдди Рейносо шешеді деп ойлаймын. Бірақ қазір тек трилогияны ойлайтын кез. Биволмен өткен кездесуден кейін Альварес бірден "реванш керек. Екінші кездесуді ұйымдастыр" деді. Жеңілген боксшылардың көбісі осылай істейді деп ойлаймын. Дегенмен Биволмен кездесуде кейінге шегеріп, Головкинмен үшінші айқасқа ұсынысты қабылдап, "Канело" дұрыс істеді. 

Ал Биволмен реваншқа келетін болсақ. "Канелоның" командасы оның 2023 жылдың мамырында өткізеді деп сенемін", - деді Хирн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар