Промоутер Бетербиевтің алда болатын екі жекпе-жегі туралы айтып берді

©ESPN

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Артур Бетербиевтің промоутері Боб Арум ресейлік боксшының алдағы уақыттағы жоспары туралы айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Біз Бетербиевтің Энтони Ярдқа кездесуін асыға күтіп отырмыз. Бұл айқас күзде Лондонда болады. Осы жекпе-жектің жеңімпазы келесі жылдың басында жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағына таласады", - деп жазды Арум әлеуметтік желісінде. 

Еске салайық, Бетербиев соңғы кездесуін америкалық Джо Смитке қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын. 

Аталған кездесу Нью-Йорк (АҚШ) қаласында болды. Бұл жекпе-жекте Бетербиевтің WBC және IBF, ал Смиттің WBO белбеуі сарапқа салынды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар