Промоутер Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы кім болатынын нақты айтты

©Reuters

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум ресейлік боксшы Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы ұлыбританиялық Энтони Ярд болатынын айтты. Бұл кездесу 2022 жылдың қазан айында өтеді. 

"Бетербиев Энтони Ярдпен кездесу өткізеді. Бұл айқас қазан айының соңында Лондонда өтеді. Дмитрий Биволдың командасымен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпын. Бивол бірінші Хильберто Рамиреспен кездесу өткізіп алсын. 

Қазіргі уақытта Бетербиевте үш белбеу бар. Егер ол Ярдты жеңетін болса, Биволмен Рамирес кездесуін күтеміз. Содан соң Артурға әлемнің абсолют чемпионы атану үшін барлық жағдайды жасаймыз", - деді Арум  Barbershop Conversations YouTube арнасына берген сұқбатында. 

Еске салайық, 19 маусым күні Бетербиев Нью-Йорк қаласында Джо Смитті жеңген болатын. Бұл кездесуде ресейлік боксшының WBC және IBF белбеулері, ал Смитті WBO белбеуі сарапқа салынды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар