"Ол өте мықты әрі жылдам бокcшы". Маман Момыновтың келесі қарсыласы туралы айтты

Сурет: instagram.com/bobirzhan_momino

Қазақстандық боксшы Бобыржан Момыновтың келесі қарсыласы осал емес. Бұл туралы Vesti.kz  порталының тілшісіне Delcotimes.com  порталының редакторы Джек МакКаферри айтып берді. Сондай-ақ ол америкалық Анхель Руистің (16-1, 12 КО) басты мықты тұсын да айта кетті.

Жекпе-жек 22-сәуір күні Уэст-Пойнте (Нью-Йорк штаты, АҚШ) өтеді.

"Момыновтың қиын кездесу күтіп тұр. Оның қарсыласы жылдам әрі мықты. Дегенмен оның әлсіз тұстары да бар. Руис қызбалыққа көп беріліп кетеді. Осыған байланысты ол карьерасындағы жалғыз жеңілісін тапқан болатын. Жалпы Момынов пен Руис бір-біріне лайықты қарсылас. Айқасты тартысты болады деп топшалаймын. Руис соңғы кездесуінде жеңілді. Сол үшін ол осы кездесуде бар күшін ортаға салады", - деді МакКаферри.

Айта кетейік, Момынов өзінің соңғы кездесуін 2020 жылдың 27-қыркүйегінде Қазан (Ресей) қаласында өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ресейлік Вагинак Тамразянды  (17-8, 5 КО) жеңді. Осылайша ол IBF Eurasia белбеуінің иегері атанды.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы көпшілікке мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің спарринг қарсыласы ретінде жақсы таныс.

Метки:
Жаңалықтар