"Ол Головкинді жеңбеді". Чавес отандасы "Канелоны" алаяқ деп айыптады

Сурет: mediotiempo.com
Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хулио Сесар Чавес (51-4-1, 33 КО) отандасы Сауль "Канело" Альваресті сынап тастады. Бұл екі жігіт 2017 жылдың мамыр айында кездесіп, жекпе-жек "Канелоның" пайдасына аяқталған болатын. 

"Сөз жоқ, ол мықты. Бірақ тым қатты бағаланып кеткен. Менің ойымша, алдағы он кездесудің барлығында оның салмағы ауыр болды. Ол Головкинді жеңбеді. GGG-мен өткен екі кездесудің бірінде жеңіліп, біреуінде тең түсті. Ал Мигель Коттомен өткен кездесу тең аяқталды. Мені ол таза салмағының ауырлығы арқасында жеңді. Ол алаяқ. Ресми салмақ өлшеу шарасы жекпе-жекке 9 сағат қалғанда болғанын білесіздер. Сосын мен бір сағат бойы ештеме жей алмадым. Бұлай болмайды ғой. Бокс үшін мүлде жат дүние. 

Бокста ең бастысы - салмақ. Екі боксшының салмағы бірдей болу керек. Сол кезде мен реваншқа шығуға дайынмын. Ол кезде жеңілдім. Өкінішті. Бұл кездесуге 100 пайыз дайын болғанымда біраз қарсылық білдіретін ем. Бірақ ол кездесу іш пыстыратындай болды. Мен ол кезде бокс туралы мүлде ойламадым. "Канело" әлемнің үздігі дейсіз бе? Жоқ. Әрине жоқ. Василий Ломаченко, Теренс Кроуфорд және Эррол Спенс одан әлдеқайда мықты", - деп келтіреді Чавестің сөзін vRINGe.com порталы. 

Еске салайық, Чавес шаршы алаңға 25 қыркүйек күні Мексикада шығады. Алдағы айқаста оның қарсыласы Марио Касарес болмақ. Бұл кездесу жартылай ауыр салмақта өтеді. 



Метки:
Жаңалықтар