Майк Тайсон Рой Джонсқа қарсы кездесуінің жаңа жарнамасын жариялады

Майк Тайсон. Сурет: as.com©
Аса ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Майк Тайсон бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Рой Джонсқа қарсы кездесудің жаңа жарнамасын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл екі аңыз боксшы арасындағы кездесу 12 қыркүйек күні Калифорнияда өтеді. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланып отыр. Бұл кездесудің алдында Джон құлағын сақтандырып қойған болатын. 

Жалпы 54 жастағы Майк Тайсон кәсіпқой бокс шаршы алаңында 58 кездесу өткізіп, 50 кездесуде жеңіске жеткен. 44 жекпе-жекте ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. Алты рет жеңілген. Екі кездесуі есепке алынбаған.

Ал 51 жастағы Рой Джонс болса карьерасын 2018 жылы аяқтады. Ол әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы. 66 жеңісі бар. 47 рет қарсыластарын құлатқан. Тоғыз рет жеңілген.


Метки:
Жаңалықтар