Майк Тайсон андеркартында баскетболшы мен видеоблогер жұдырықтасады

Сурет: Gramho

Ұлттық баскетбол лигасының (ҰБЛ) бұрынғы ойыншысы Нейт Робинсон видеоблогер Джейк Полмен бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Кездесу 12 қыркүйек күні даңқты Майк Тайсон мен Рой Джонс арасында өтетін бокс кешінің андеркартында болады. 

Әзірге Пол мен Робинсонның кездесуі қанша раунд болатыны белгісіз. Ал Тайсон мен Джонс арасындағы кездесу сегіз раундқа жоспарланып отыр. Бұл кездесуге Тайсонды Рафаэль Кордейро деген танымал маман жаттықтырады. 

Айта кетейік, Робинсон карьерасында "Нью-Йорк Никс", "Бостон Селтикс", "Оклахома-Сити Тандер", "Голден Стэйт Уорриорз", "Чикаго Буллз", "Денвер Наггетс" және "Лос-Анджелес Клипперс секілді командалардың намысын қорғаған. Ол лигада 618 кездесу өткізген. 


 

Метки:
Жаңалықтар