Ломаченко келесі кездесуін америкалық боксшыға қарсы өткізеді

Сурет: vringe.com
Жеңіл салмақта WBA, WBC және WBO белбеулерінің иегері украиналық Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) келесі кездесуін жеңіл салмақта IBF белбеуінің иегері амеиркалық Теофимо Лопеске (15-0, 12 КО) қарсы өткізеді. 

Бұл айқас қазан айында Лас-Вегас (АҚШ, Невада штаты) қаласында өтеді. Екі боксшылардың командасы гонорарды келісіп, жекпе-жекті ұйымдастыруға кіріскен. 

Негізі бұл кездесуге Ломаченко ұзақ уақыт келісім бермей жүрген. Бірақ осы аптаның басында келісіпті. 

BoxingScene тілшісі Дэн Рафаэльдің ақпараты бойынша, жекпе-жек 3 қараша күні өтеді екен. 



Метки:
Жаңалықтар