Кәсіпқой боксқа ауыса ма? Левит Елеусіновтің менеджерімен кездесті

©instagram.com/ziya_a_aliyev

2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит бірнеше қазақстандық боксшылардың менеджері Зия Алиевпен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жуық арада отандасымыз кәсіпқой боксқа ауысуы әбден мүмкін. 

"Тағы бір талантты боксшы, нағыз жауынгер Василий Левит. Бірақ ұзақ ойланба", - деп жазды Алиев Instagram әлеуметтік желісінде. 

Еске салайық, Зия Алиев кәсіпқой бокста Данияр Елеусінов және Иван Дычко секілді боксшылармен жұмыс істейді. 18 желтоқсан күні ол Нұр-Сұлтан қаласында бокс кешін өткізеді. Онда бірнеше қазақстандық спортшы бақтарын сынайды. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар